Үкіметке Павлодар өңірін газбен қамтамасыз ету тапсырылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен кездесуінде өңірді газдандыру мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы бір маңызды мәселе – газдандыру. Үкімет өңірді газбен қамтамасыз ету жолдарын басым тәртіппен әзірлеуі қажет. Бұл «жасыл» күн тәртібін толыққанды іске асыру және нақты тұрақты даму жолындағы маңызды қадам болмақ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды.

Бұған дейін Қ. Тоқаев өндірісті күшейту мен экологияны қорғау арасында тепе-теңдікті сақтау керектігін а йтқан еді .


Соңғы жаңалықтар