Үкіметке мемлекеттік әлеуметтік нысандарды жекеменшікке беруге заң жүзінде шектеу қоюды тапсырамын - Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет мемлекеттік әлеуметтік нысандарды жекеменшікке беруге заң жүзінде шектеу қоюы тиіс. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде балалардың бос уақытын пайдалы өткізуіне және қосымша білім алуына жағдай жасалуда. Алайда, мемлекеттік әлеуметтік нысандарды жеке адамдар иеленіп жатыр. Әсіресе, Оқушылар сарайы мен музыка мектептеріне, балабақшаларға көз тігушілер көп. Сондай бір оқиға жуырда Алматыда болды. Бұған мүлдем жол бермеуіміз керек. Үкіметке мемлекеттік әлеуметтік нысандарды жекеменшікке беруге заң жүзінде шектеу қоюды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар