Үкіметке мектепте 12 жылдық оқудың ойластырылған моделін әзірлеу тапсырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке мектепте 12 жылдық оқудың ойластырылған моделін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда әлемде орта білім берудің 12 сыныпқа есептелген стандарты қалыптасып қалған. Сондай-ақ, бастауыш мектепте оқу процесін ұзарту үрдісі де сақталып отыр. Әлем елдерінің 60-қа жуығында мектептегі оқу алты жастан басталады. Бұл қадам баланы ертерек интеллектуалдық дамуға, әлеуметке бейімделуіне ықпал етеді. Үкіметке осы ретте жаңа 12 жылдық модельге ойластырылған әрі орнықты ауысымды қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл жерде 2025 жылға дейінгі білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «ойластырылған әрі орнықты» ауысым деген сөзді ерекше атап отырмын», - деді Президент Тамыз конференциясында.

Еске сала кетсек, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар