+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Үкіметке арналған KPI-мен бірге Үкіметтің өзі де өзгерді

2019 жылғы 22 ақпан 16:41
Бөлісіңіз:
Үкіметке арналған KPI-мен бірге Үкіметтің өзі де өзгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметке арналған KPI-мен бірге Үкіметтің өзі де өзгерді. Мұндай пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкіметтің отставкаға кетуі - ерекше назар аударатын саяси оқиға. Дегенмен, бұл ең алдымен, 2018 жылғы 5 қазандағы Президенттің Жолдауынан бастау алатын елде болып жатқан оқиғалар тізбегінің бір элементі ғана. Осы кезеңнен бастап, мемлекеттік саясаттың қайта өзгеруі, адами капиталдың дамуға қарай бетбұрысы біздің көз алдымызда болды. Мемлекет басшысы мәлімдемесінің форматы Үкіметке қатысты елеулі мәселелердің бар екендігін меңзеді. Президент Үкімет мүшелерімен, әкімдермен, депутаттармен бетпе-бет сөйлесіп, Үкіметке өз жұмысының әдістемесін түбегейлі өзгертуі тиіс екенін ашық айтты. Ал ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында оның қызметінің тиімділігінің негізгі көрсеткіштері мұнан ары халықтың табысы мен сапасы болатынына баса назар аудартты», - деді ол.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының қатысуымен өткен 8-ші Азаматтық форумда үкіметтік емес секторды қайта құру үдерісі басталды. ҮЕҰ саясаты шеткі аймақтан орталыққа ойысты. Азаматтық форум азаматтық қоғамның қатысуынсыз ел тұрғындарының әл-ауқатын қалыптастыру мүмкін емес екендігін анықтайтын негізгі мәселелердің бірін көрсетіп берді. Бұл ретте қоғамдық қатынастардың жаңа моделі 2025 жылға дейін азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасында белгіленетін болады.

«Елбасының мәлімдемесі және Жастар жылының басталуы әлеуметтік оқиғалар мен пікірталастардың сапалы жаңа векторы болды. Ең бастысы Үкімет, азаматтық қоғам, әкімдер жастарды әлеуметтік интеграциялауға, жастар дамуының көрсеткіштеріне барлық мемлекеттік жоспарлау жүйесі мен мемлекеттік бағдарламалардың призмасы арқылы назар аудара бастады. Үкімет жастар жылының Жол картасын қабылдады. Онда 80-нен астам іс-шара қарастырылды. Оның ішінде білім беру жүйесін дамытуға және жұмысқа орналасуға ықпал ететін бірқатар жүйелік шаралар бар. Алайда, қабылданған шаралар мен бағдарламаларға қарамастан, жұртшылық, әсіресе әлеуметтік осал топ қарапайым сұрақтарға жауап алмады. Нәтижесінде өмір сүру деңгейіне және сапасына қатысты мәселелерді шешуге тырысатын халықтың түрлі топтарының белсенділігін байқадық. Біз бұны жақында көп балалы отбасылардың мысалында көрдік», - деді ол.

Институт директоры еліміз «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудың маңызды кезеңіне кіріскенін атап өтті.

«Уақыт үнемі жауап беруге және тиімді шешуге тиіс жаңа міндеттерді қойып отырады. Негізгі мәселе - бұл азаматтардың әл-ауқатын арттыру. «Нұр Отан» партиясының алдағы съезінде Үкіметтің күн тәртібі, әлеуметтік қолдауды күшейту және халық өмірінің сапасын арттыру жөніндегі шаралар жарияланады», - дейді З.Шәукенова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР Үкіметі, Саяси реформа,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT