Үкіметаралық комиссияда еліміздегі этникалық немістер мәселесі талқыланады

None
None
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 9 желтоқсанда Астанада Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигаловтың төрағалығымен қазақ-неміс үкіметаралық комиссиясының 9-ы отырысы өтпек.

Онда елімізде тұрып жатқан этникалық немістердің мәселелері талқыланатын болады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте ведомствоның ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Үкіметаралық комиссияның отырысы барысында Қазақстанда тұрып жатқан этникалық немістерге қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланатыны жоспарланып отыр. Соның ішінде білім, мәдениет, жастар саясаты, неміс тілінің ахуалы, сондай-ақ екіжаққа да мүдделі басқа да мәселелер қозғалатыны көзделуде», - дейді Алтай Әбибуллаев.

Соңғы жаңалықтар