Үкімет жоспары: АӨК саласында 40 мың жаңа жұмыс орны ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Асқар Мамин алдағы бес жылда агроөнеркәсіп саласында 400-ге тарта жоба жүзеге асырылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы агроөнеркәсіп кешеніндегі өсімді 6 пайызға өсіріп, АӨК өнімдерінің импортын 6 пайызға азайту, 40 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде», - деді Асқар Мамин бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Премьер-Министр атап өткендей, агроөнеркәсіп инвестициялық тұрғыда тартымды сала саналады.

«Жалпы, алдағы бес жылда бұл салада жалпы құны 4,4 трлн теңгелік 387 жоба жүзеге асырылады. 2020 жылы бұл жобаларды 559 млрд теңгелік 94-ін биыл жүзеге асыруды бастаймыз», - деді ол.





Соңғы жаңалықтар