Үкімет: Жер мәселесі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде қаралады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы уақытта Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне еліміздегі жер мәселесі тақырыбы қаралады. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл шаруашылығы жерлерін сату және жалға беру мораторий мәселесіне тоқталған Ж. Қасымбек, «Ауыл шаруашылығы министрлігінің алаңында заң жобасының тұжырымдамасы таныстырылды», - деді.

Осы орайда ол аталған мәселені қоғамдастықпен талқылау тұрғысында өңірлерге сапарлау кестесі бекітілгенін жеткізді.

«2019 жылдың соңына қарай бұл мәселе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне ұсынылатын болады», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы Жарлыққа қол қойды.

Айта кетейік, Ұлттық кеңеске кімдер кіргені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар