Үкімет жаңа онжылдық барысында мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа мүдделерін құруды жалғастырады - К. Мәсімов

None
None
АНА. Қазанның 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Үкімет жаңа онжылдық барысында мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа мүдделерін құруды жалғастырады. Бүгін «Қазақстан - 2030» стратегиясы: Қазақстан үшін жаңа 10 жылдық мүмкіндіктері мен перспективасы» атты конференция барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы онжылдықта Қазақстан үшін ұлтаралық келісімді қолдау, ішкі қауіпсіздікті арттыру мен халықаралық қатынастардағы тұрақтылығы маңызды болып табылады. Біз үшін азаматтардың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көршілес мемлекеттермен және барлық әлемдік қауымдастықпен бейбітшілік қарым-қатынаста болу басты міндет болып қала бермек», - деді К. Мәсімов.

Сонымен бірге, Үкімет басшысы 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспардың 5 түйінді бағытын табысты іске асыру үшін тиімділігі жоғары мемлекеттік аппарат қажеттігін де атап өтті. «Мемлекеттік сектордың бұрын басталған реформаларын негізге ала отырып, Үкімет нәтижелілік, транспаренттілік пен қоғамға есеп беру қағидаттарында мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа мүдделерін құруды жалғастырады. Қорыта айтқанда, Қазақстанды дамытудың 2020 жылға дейінгі жоспары ел дамуының жалпыұлттық бағдарламасына және мемлекет пен қоғамның келесі он жылға арналған іс-қимылының жаңа келісілген стратегиясына айналатынына сенімдімін», деді К. Мәсімов. 

 

Соңғы жаңалықтар