Үкімет үйінде «Балқаш ЖЭС» АҚ акцияларын сатып алу-сату келісіміне қол қойылды

None
None
күйектің 4‑і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Бүгін Үкімет үйінде «Балқаш ЖЭС» АҚ акцияларын  «КЕПКО-Самсунг» консорциумы, «Казақмыс» АҚ және  «Самұрық-Энерго» АҚ («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ еншілес кәсіпорны)  арасындағы  сатып алу-сату    жөніндегі  келісімге қол қойылды.

 Бұл туралы ҚазАқпарат «Самұрық‑Қазына» ҰӘҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, келісімге сәйкес  Балқаш жылу электр стансысы құрылысына  «Самұрық-Энерго» АҚ  - 25%+1 акция үлесімен, «КЕПКО-Самсунг» консорциумы - 70% - 1  үлесімен, «Казақмыс» АҚ - 5% үлесімен қатысатын болады.

 Естеріңізге сала  кетейік, 2009 жылғы наурыздың 26-сында Балқаш ЖЭС  құрылысы жөнінде  «Самұрық-Энерго» мен оңтүстіккореялық  электр энергетикалық «КЕПКО-Самсунг» консорциумы арасында  келісім жасалған еді. Жобаның   мақсаты - еліміздің  энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету және  оңтүстік аймақтың   электр энергиясына деген  тапшылығын қанағаттандыру. Жоба бойынша электр қуаты өндірісінің көлемі 2640 МВт, ал жобаның құны  4,5 млрд. АҚШ доллары шамасында болады. Сонымен бірге жобаға сәйкес ЖЭС‑тің  1 және 2 энергоблогы 2013 жылы, ал 3, 4  энергоблоктар 2016 жылы  іске қосылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар