Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.90 EUR 422.74
RUB 5.87 CNY 54.80
Jańalyqtar

Үкімет шетелдік инвестицияларды тартудың жаңа тәсілдерін талқылайды

2019 жылғы 16 сәуір 10:17 572
Бөлісіңіз:
Үкімет шетелдік инвестицияларды тартудың жаңа тәсілдерін талқылайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин шетелдік инвестицияларды тартудың жаңа тәсілдерін талқылауға арналған жиын өткізеді,  деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл бірінші тоқсанда бюджет кірісі 3 трлн теңгеге жуықтады Қазақстанда полиэтилен пакеттері өндірісі 63 пайызға артты

Үкімет басшысының айтуынша, қазіргі кезде әлемдік экономиканың өсу қарқыны төмендеуде. Ал xалықаралық сарапшылар мен даму институттарының болжамы бойынша әлемдік экономиканың өсу қарқыны 2018 жылғы 3,6 пайыздан ағымдағы жылы 3,3 пайызға дейін төмендейді.

"Осындай жағдайда экономиканың инклюзивті әрі сапалы дамуын қамтамасыз ету - аса маңызды міндет. Экономиканың сапалы дамуы негізгі капиталға салынатын инвестициялармен байланысты. Соның ішінде тікелей шетелдік инвестициялық саясат басым бағыт болып табылады. 18 сәуірде шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жаңа тәсілдерді талқылау мақсатында мемлекеттік органдар басшылары мен инвестициялық саясатқа жауапты әкім орынбасарларының қатысуымен жиналысты өткіземіз. Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар экономиканың өсу қарқынын арттыруға тиісті шараларды ұйымдастыру қажет", - деді А.Мамин Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, биыл қаңтар-наурыз айларында жалпы ішкі өнім 3,8 пайызға өсті. Әсіресе, құрылыс, сауда, тау-кен өнеркәсібі мен көлік саласының өсімі барынша байқалады.

"Негізгі көрсеткіштер бойынша бірінші тоқсанда Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Павлодар мен Қызылорда облыстары жақсы нәтижеге жетті. Сонымен қатар, Ақмола облысында және елордада құрылыс пен инвестициялар бойынша көрсеткіштер төмендеп кеткен. Осы бағыттағы жұмыстардың нашар деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтемін", - дейді А.Мамин. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT