Үкімет шетелдік инвестиция тарту жұмысын екі бағытта жалғастыратын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет шетелдік инвестиция тарту жұмысын екі бағытта жалғастыратын болады. Бүгін Үкімет отырысының қорытындыларына арналған Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, индустрияландыру саясатын жүзеге асыруда, жалпы экономиканың дамуында инвестициялық саясат маңызды рөл атқарады. «Дегенмен, соңғы уақытта әлемдік дағдарыстың салдарынан барлық елдерде инвестициялық белсенділік төмендеп кетті. БҰҰ деректеріне қарағанда, тікелей шетелдік инвестиция тарту жағынан Қазақстан 2012 жылы алғашқы 20 елдердің қатарына кіргенімен, жағымсыз үрдіс соңғы уақытта біздің елімізде де байқалды. Сондықтан да, Елбасы Үкіметке инвестиция тарту жұмысын күшейтуді, арнайы жоспар жасауды тапсырған болатын», - деді Ә. Исекешев. Министрдің айтуынша, осы жоспарға сәйкес, шетелдік инвестиция тарту бойынша жұмыс екі бағытта жалғасатын болады. Оның біріншісі - инвестициялық климатты одан әрі жақсарту. Осы бағытта бірқатар ынталандыру шаралары қолданылады. «Екінші бағыт - ірі инвесторларды, соның ішінде трансұлттық компанияларды тарту. Бұл мақсатта біз негізгі елдер мен салаларды айқындап алдық. Жұмыстың нақты алгоритмі де белгіленді. Бұл жоспар жақында ғана Президент Әкімшілігіне жолданды. Ол қабылданғаннан кейін бірден жұмысқа кірісеміз. Біздің жоспар бойынша басты мақсатымыз - Қазақстанды өңірдегі ең мықты инвестициялық хабқа айналдыру», - деді Ә. Исекешев.

Соңғы жаңалықтар