Үкімет шағын және орта бизнесті дамытудың кешенді шаралар жоспарын мақұлдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында шағын және орта бизнесті дамытудың кешенді шаралар жоспарын мақұлдады. Аталмыш жоспар Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ) мен Болон хартиясындағы ұсынымдарға негізделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

Министрдің айтуынша, Болон хартиясында басты 6 қағидат қарастырылған. Бұлар: орнықты іскерлік орта, шағын және орта бизнесті дамыту шараларының тиімділігі, білім мен адами капиталды дамыту, мемлекет пен жекеменшік секторлар арасында әлеуметтік әріптестікті нығайту, қаржы құралдарының қолжетімділігі және тағы басқалары. «Осынау ЭЫДҰ мен Болон хартиясының қағидаттарын жүзеге асыру мақсатында кешенді жоспар әзірледік. Бұл жоспарлар аясында «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заң қабылданғаны белгілі. Енді оны іс жүзінде жүзеге асыру тетіктері қаралатын болады. Сонымен қатар, Үкімет бизнесті жүргізудің «Doing Business» рейтингінде үздік отыздыққа ену шараларын қарастырады. Жыл соңына дейін Кеден және Салық кодекстеріне арнайы өзгерістер бойынша ұсыныстар әзірлену қарастырылған», - деді Б. Жәмішев. Бұдан бөлек, адами капиталды дамыту қағидатында да мамандар даярлау бағыты бойынша кешенді шаралар көзделеді. «Үкімет отырысында бірқатар тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда, салық салу жүйесіне ЭЫДҰ қағидаттарын енгізу аясында ұсыныстар әзірлеу тапсырылды. Екіншісі - корпоративтік басқару жүйесінде ұсыныстар әзірлеу. Ұсыныстардың үшінші парасы трансұлттық компаниялардың біздің еліміздегі қызметіне қатысты болып отыр», - дейді Өңірлік даму министрі.

Соңғы жаңалықтар