Үкімет Президент тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етіп отыр – Мемлекет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет Президент тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау алдындағы бағдарламаны және халыққа Жолдауымды жүзеге асыру үшін Үкімет пен Парламент үйлесімді жұмыс атқарып жатыр. Бұл жақсы үрдіс. Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыруға, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тетіктерін енгізуге бағытталған бірқатар заңнамалық акті қолданысқа енді. «Педагог мәртебесі» туралы Заң қабылданды. Экономиканы дамыту және бизнеске қолдау көрсету мақсатымен түрлі тексерістер жүргізуге мораторий енгізілді. Шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығын өңірлерге беру үшін құқықтық негіз қалыптастырдық. Үкімет Президент тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етіп отыр деп айтуға болады», - деді Қ. Тоқаев.

Сонымен қатар, Президент экономикалық дамудың сапасына назар аудару керектігін атап өтті.

«Өсімнің локомотиві ретінде ресурстық әлеует пен бюджеттік инвестициялар қалып отыр. Ең жоғары өсімді құрылыс, сауда, көлік салалары байқатты. Алайда экономиканы несиелендіру стагнацияда тұр. 2019 жылдың 11 айында ссудалық портфелінің көлемі ІЖӨ-ге қарағанда 23 пайыздан 22 пайызға дейін төмендеді», - деді Мемлекет басшысы.



Соңғы жаңалықтар