USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Үкімет пилотсыз ұшатын аппараттардың қозғалысын реттейтін жаңа қаулы шығарды

2022 жылғы 13 қаңтар 21:01
Бөлісіңіз:
Үкімет пилотсыз ұшатын аппараттардың қозғалысын реттейтін жаңа қаулы шығарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметінің пилотсыз ұшатын аппараттардың қозғалысы реттейтін жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжат ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтында жарияланды.

Қаулының бұрынғы нұсқасынан айырмашылығы - пилотсыз ұшатын аппараттың қозғалысы кезінде сақталатын арақашықтыққа қойылатын талаптар өзгерген.

«82-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын», -делінген қаулыда.

Сонымен пилотсыз ұшатын аппараттарының ұшуы:

1) G сыныбындағы әуе кеңістігі шекарасы шегінде метеорологиялық минимумды сақтау (көлденеңінен кемінде 1500 метр көріну және тігінен кемінде 300 метр бұлттың төменгі шекарасы) шартымен;

2) бақыланатын әуе кеңістігінде әуе қозғалысын басқару орталықтарының қысқа мерзімді шектеулерді енгізу шартымен орындалады.

Қысқа мерзімді шектеулер 50 метр биіктікке дейін жер бедерінен созылып жатқан әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуын қамтамасыз ету үшін белгіленбейді;

3) диспетчерлік аймақта – жауапкершілік аймағында осындай әуеайлақ орналасқан және әуе қозғалысын басқару орталығы қысқа мерзімді шектеу енгізген жағдайда, әуе қозғалысына қызмет көрсету органымен келісілгеннен кейін барлық биіктікте орындалатын пилотсыз ұшу аппараттарының авиациялық жұмыстарды және демонстрациялық ұшуды орындауын (аэрошоу) қоспағанда, жер бетінен 50 метр биіктікке дейін жайылған және әуеайлақ қоршауынан немесе шекараны көрсететін таңбаланған белгілерден 5,5 км алыс орналасқан әуе кеңістігінде орындалады.

Қаулының бұрынғы редакциясындағы 82-3, 82-4 және 82-5-тармақтар алынып тасталатыны да айтылған.

Бұл тармақтарда пилотсыз ұшатын аппаратты қолдану кезінде оны тізгіндеген тұлғаның басқа адамдардан қанша аралық сақтау қажеттігі көрсетілген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT