Үкімет пен Ұлттық банк өзара іс-қимылын алғаш рет келісім түрінде рәсімдеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Үкіметі отырысында Үкімет пен Ұлттық банктың арасындағы өзара іс-қимыл тұңғыш рет келісім ретінде рәсімделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет пен Ұлттық банктың арасындағы өзара іс-қимыл тұңғыш рет келісім ретінде рәсімделіп отыр. Бұл бірлескен жұмыстың жаңа форматы деп айтуға болады. Экономикалық өсімге жәрдемдесудің өзара іс-әрекеті белгіленді. Келісімді іске асырудың арқасында экономиканың сапалы өсімін және халықтың тұрмыс сапасын арттыру қамтамасыз етіледі», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің айтуынша, осы міндетті орындау мақсатында ақша-кредит, валюталық, іскерлік және макроэкономикалық саясат болжамды болу жағынан нарыққа нақты белгі беретіндігін айтты.

Осыған байланысты Асқар Мамин тисті Үкімет қаулысын дауыс беруге шығарып, оны Министрлер кабинеті толық қолдады.

Соңғы жаңалықтар