Үкімет пен Ұлттық банк 11 мамырға дейін Экономикалық дамудың кешенді жоспарын дайындайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біз енді мүлде жаңа жағдайда өмір сүретін боламыз. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз қазірден бастап дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындалуымыз керек. Бұл жөнінде Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің 24 сәуірде өткен отырысында нақты айтты. Үкімет пен Ұлттық банк 11 мамырға дейін Экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды дайындайды. Онда дағдарыстан зардап шеккен салаларға қолдау көрсету шаралары қамтылады», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымынша, бүгінде еліміз дамудың жаңа деңгейіне қадам басып отыр.

«Шын мәнінде, біз енді мүлде жаңа жағдайда өмір сүретін боламыз. Сондықтан экономикаға және мемлекеттік басқару жүйесіне ауқымды әрі маңызды өзгерістер қажет», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар