Үкімет пен «Испат‑Қармет» арасындағы келісімшарт қайта қаралуы тиіс - С. Жалмағамбетова

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 10‑ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑Үкімет пен «Испат‑Қармет» арасындағы келісімшарт қайта қаралуы тиіс. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Премьер‑Министрінің атына сауал жолдаған сенатор Светлана Жалмағамбетова  осылай мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маған 2000 жылдан бері өздерінің денсаулықтарына зиян келтіргені  және жұмыс барысында жарақат алғаны үшін өтемақы алып келе жатқан бір топ шахтерлар хабарласты. Аталған шахтерлер алып отырған осы  өтемақы Үкімет пен «Испат‑Қармет» ААҚ арасындағы 30 -шы мамыр 2000 жылғы келісімі бойынша анықталған екен. Ал  ондағы өтемақы мөлшері 1995 жылдың қарашасындағы орташа жалақы негізінде белгіленген, қазіргі күнмен салыстырғанда түкке тұрғысыз болып қалған.  Біз Азаматтық кодекстің 1‑тармағы 937‑бабына сәйкес, денсаулығына зиян келтіргені және жұмыс барысында жарақат алуына байланысты өтемақының есептелуін осыдан 14 жылдай бұрынғы жағдаймен емес, жапа шегуші жанның қазіргі кезеңдегі алуы мүмкін жалақысы деңгейінде есептелуі тиіс деп санаймыз», деді депутат. Оның пайымдауынша, бұл тек шахтерлардың жеке проблемасы емес, мемлекеттік деңгейдегі проблема болып табылады.  «Осыған орай, жапа шеккен шахтерлерға төленіп отырған өтемақы мөлшерінің негізсіз есептелгенін, ең төменгі деңгейдегі өтемақыны мөлшерін қайта қарау қажеттігін Үкіметтен сұраймыз», деді С. Жалмағамбетова.

Соңғы жаңалықтар