Үкімет пен әкімдіктер алдына бірқатар нақты міндет қойылды – Әлихан Смайылов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет пен әкімдіктердің алдына қойылған нақты міндеттерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, 2022 жыл күрделі сын-қатерге толы болды. Бұл, әрине, экономиканың дамуына өз әсерін тигізді. Әйтсе де, бәріміз осыдан белгілі бір қорытынды шығаруымыз керек. Биыл Үкімет пен әкімдіктердің алдына бірқатар нақты міндеттер қойылып отыр. Біз Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бар күшімізді жұмылдыруымыз керек», - деді ол бүгін Үкімет отырысында.

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының барлық тапсырмасы мен бастамалары қоғамның сұранысына және ағымдағы сын-тегеуріндерге негізделгенін баса айтты.

«Осы міндеттерді орындау үшін әр министрлік пен өңірдің қосатын үлесі аса маңызды», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар