Үкімет отырысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселесі қаралады

None
None
АСТАНА 4 ақпан. ҚазАқпарат - Ертеңгі Үкімет отырысы жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселесіне арналады.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«5 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жаңартылған энергия көздерін дамыту мәселелері жөнінде Үкімет отырысын өткізеді. Аталған мәселе Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені Астанада ұйымдастыру шаралары және «жасыл экономика» аясындағы бағдарламаны жүзеге асыру тұрғысында өте маңызды»,-деп атап өтті А. Әбибуллаев.

Соңғы жаңалықтар