Үкімет отырысында Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша түсіндіру шараларын жүргізу тапсырылды

None
None
; АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша түсіндіру шараларын жүргізуді тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл жүйе 2010 жылдан бастап  Қазақстанның әр азаматына қатысты. Меніңше, бұл шешім дұрыс. Елбасы қолдап отыр. Бюджеттік мәселелердің барлығы реттелді.  Алайда осы жүйе бойынша түсіндіру шаралары бүгінде тиісті деңгейде емес», деді К. Мәсімов.

 Осыған байланысты Премьер-Министр  түсіндіру шаралары орталық деңгейден, яғни министрліктен бастап әкімдіктер, облыстық және аудандық денсаулық сақтау мекемелері арасында аяғына дейін нақтыланбағанын сынға алды.

  «Әр азаматқа бұл мәселе түсінікті болу үшін бүгіннен бастап әкімдермен бірлесе арнайы түсіндіру жұмыстарын бастау керек. Бұл жеңіл де шара емес.  Сондықтан осы саладағы ілгерілеушілікті жұртшылық сезінуі тиіс», деді Үкімет басшысы.

Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің айтуынша, Қазақстан Республикасының Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құрудың мақсаты - емделушілердің дәрігерді және медициналық ұйымды өз еркімен таңдауы, бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыру және медициналық қызметтерді көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету.

Соңғы жаңалықтар