Үкімет отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған заң жобасын әзірлеп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында қандай шаралар қабылданатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Самұрық-Қазына» қоры басымдыққа ие тәртіп бойынша жұмысты күшейтіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастама етіп көтерген жеңілдетілген несиелеу және қарапайым экономика заттары бағдарламасы аясында кәсіпорындарымыз шығарып жатқан отандық өнімдерді сатып алып жатыр. Қазіргі таңда төрт сала бойынша қор жергілікті құрам үлесін 60 пайызға жеткізді. Жұмысты жақсарту бойынша маңызды бағыттардың бірі – отандық құрылыс материалдары мен жабдықтарын пайдалану. Мәселен кей кезде тапсырыс берушінің жобалық құжаттамаларында дәл осы тауарлардың аймақтарымызда шығарылып жатқанына қарамастан алдын ала импорттық материалдар қарастырылады», - деді Асқар Мамин елордада өтіп жатқан «Samruk Business Forum» шарасында.

Осыған байланысты Қазақстан Үкіметі «Самұрық-Қазына» қорымен бірге ұлттық стандарттар мен отандық өнімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аудармақ.

«Биылдан бастап Үкімет тиісті заң жобасын әзірлеуді бастап кетті. «Самұрық-Қазына» қорының сәтті тәжірибесі мысал ретінде қаралып, реттелген барлық сатып алу шараларында, сонымен қатар мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік компаниялардың қажеттіліктерінде де пайдаланылуы керек. Олардың бірлескен көлемі өте ауқымды – шамамен 15 трлн теңгеге жетеді», - деді ол.

Еске сала кетсек жатқан «Samruk Business Forum» форумына Үкімет басшысы Асқар Мамин, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қатысты.


Соңғы жаңалықтар