+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Үкімет басшысы өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасына көңіл айтты

2019 жылғы 5 ақпан 10:12
Бөлісіңіз:
Үкімет басшысы өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасына көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі отырысымызды өткен жексенбіде, дүйсенбіге қараған түнде Астанадағы қайғылы оқиғадан бастағым келіп отыр. Өрт кезінде бір үйдің өрімдей 5 баласы қаза болды. Жантүршігерлік жағдай. Бір отбасының басына түскен ауыр қайғы. Ай-күннің аманында бес бірдей баласынан айырылып қалған ата-анасына құдай күш-қуат берсін дейміз! Марқұм болған балалардың ата-анасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Алда мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін деп тілейік», - деді Премьер-Министр.

Еске сала кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын үй алабында жеке үйдің ауласында тұрғызылған уақытша баспанада өрт шықты. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылғы 5 қыз баланың денесі табылды.

Олардың кішісі небәрі 11 айлық сәби еді. Өрт кезінде бес баланың ата-анасы түнгі жұмыста болған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT