Үкімет өңірлерде шағын авиацияны дамытатын бағдарлама әзірлейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин жауапты ведомстволарға өңірлерде шағын авиация мен аэродромдарды дамытуға арналған бағдарлама әзірлеуді жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Самұрық-Қазына» қоры 2020 жылы мемлекеттік холдингтің басқаруындағы әуе компанияларының паркін ұлғайтуды және ұшу гегорафиясын кеңейтуді қамтамасыз етуі керек. Сонымен бірге, авация саласын одан ары дамыту мақсатында шағын авиацияны дамытуы қажет. 2025 жылға дейінгі «Нұрлы жол» бағдарламасында бұл мәселе қарастырылған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен бірлесіп, өңірлерде шағын авиация мен аэродромдарды дамыту жөніндегі бағдарламаны әзірлеуді және қабылдауды жеделдетуі тиіс», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Үкімет басшысының айтуына қарағанда, әуе билеттерінің бағасын төмендетуге бағытталған жұмыс қазіргі уақыттың өзінде нақты нәтиже беріп жатыр.

«Бұл жұмысты барлық отандық компаниялан бірлесіп, жалғастыруы керек. Бұл мәселені бақылау орынбасарым Роман Склярға жүктеледі», - деді ол.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 2020 жылы Қазақстанда Азаматтық авиация оқу орталығы ашылатынын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ Үкімет басшысы Асқар Мамин Шымкенттегі әуежай терминалының құрылысын уақтылы аяқтауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар