+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Үкімет мүшелері Жаңаөзенге келді

2019 жылғы 15 наурыз 17:48
Бөлісіңіз:
Үкімет мүшелері Жаңаөзенге келді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет мүшелері Маңғыстау облысына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет мүшелері алдымен Жаңаөзен қаласына келіп, облыс активімен және тұрғындармен кездесті.

«Батыс өңірін аралап келе жатырмыз. Елбасы әлеуметтік саланы дамыту мақсатында бірқатар тапсырма берді. Бұл бағытта 2,3 трлн теңге қаражат бөлінді. Біздің мақсатымыз xалыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Осыған дейін тұрғындармен кездесіп, тілдестік. «Нұр Отан» партиясымен, жергілікті белсенді азаматтар бірге жұмыс жасаймыз деп сенемін»,-деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Жиында табысы төмен отбасыларға көмек көрсету, аз қамтылған азаматтар үшін тұрғын үй мәселесін шешу, білім беру мен денсаулықты жақсарту тақырыптары қозғалды. Сондай-ақ, жан-жақты көмек көрсетуді қамтитын «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаудың негізгі бағыттары айтылды.

null

Бұл топта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов, Орман және жануарлар әлемі комитетінің төрағасы Каир Рыскелдинов бар.

100-ге тарта аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы аналар өз мәселелерін көтерді.

Гүлшара Әбдіқалықова xалықтың пікірі ескеріліп, өтініштердің қаралатынын жеткізді. Сондай-ақ, облыс басшылығына тапсырма жүктеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT