Үкімет мүшелері Қостанай облысына барды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған жұмыс тобы Қостанай облысына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Топ құрамында Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев бар. Жұмыс тобы сапар барысында ең негізгі 3 бағытқа көңіл бөлді. Әуелі, ең мұқтаж азаматтарға, аз қамтылған отбасыларға көмек берудің жай-жапсарын түсіндіру. Мұнан соң баспана мәселесін шешу бойынша қолға алынған нақты жұмыстар ретін талқылау. Үшіншіден, білім және денсаулық салалары бойынша атқарылған шараларды саралау.

Гүлшара Әбдіқалықова алдымен көп балалы отбасылармен, аз қамтылған азаматтармен кездесу өткізді. Соның бірі - Шәкіровтар отбасы. Жақында 8 бала тәрбиелеп отырған Жанна Шәкіроваға меценат Игорь Ким үш бөлмелі пәтер алып берді.null

«Осы уақытқа дейін қала орталығында балаларыммен 90 мыңға пәтер жалдап тұрдым. Мемлекеттен 106 мың теңге көмек алып тұрамын. Дегенмен, күнделікті тұрмыстық шығындарды есептегенде қаражат жетпейді. Енді кәсіпкер көмегінің арқасында көптен күткен қуанышқа кенеліп отырмыз»,​ - дейді Жанна Шәкірова.null

Премьер-Министрдің орынбасары бүгінде халықтың табысын арттыру және әл-ауқатын жақсарту бойынша шаралар кешені қабылданып жатқанын айтты. Сонымен қатар, ол мемлекеттен еңбекке жарамсыз азаматтарға және уақытша өмірлік қиын жағдайларға тап болған адамдарға көмек көрсетілетінін атап өтті. Ал жұмыс істеуге қабілетті басқа адамдар мемлекет ұсынып отырған жұмыспен қамтудың барлық формаларына қатысуы тиіс.

Үкімет мүшелері бекітілген кестеге сай халыққа қызмет көрсету және жұмыспен қамту орталықтарының жұмыстарымен танысады.

Күннің екінші жартысында Қостанай ауданындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде тұрғындармен кездеседі.

Жұмыс тобының бірінші күні Е.Өмірзақов атындағы филармониядағы жалпы жиынмен түйінделеді. Басқосуда «Еңбек» бағдарламасының Қостанай облысында орындалуы сөз етіледі.

Соңғы жаңалықтар