Үкімет мүшелері Көкшетауда салынып жатқан үйлерде болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған топ жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды. Топ мүшесі ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов Көкшетауда «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламалары бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

М.Жайымбетов Ақан сері көшесінің бойында «Алуа Строй» ЖШС және «Джакупов» ЖК жүргізіп жатқан тұрғын үй кешендерінің құрылыс алаңында болды. «Джакупов» ЖК салып жатқан «Брилиант» тұрғын үйінің құрылысы өткен жылдың күзінде басталып, 2019 жылдың соңында пайдалануға беру жоспарланған.

«72 пәтерлі тұрғын үйдің 30-35 пайызы «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілсе, қалғаны жеке адамдарға сатылады», - деді «Джакупов» құрылыс компаниясының басшысы Мақсат Негметжанов.

Құрылыс жұмыстарының сапасын жоғары бағалаған комитет төрағасы бұдан кейін Абылай хан даңғылы, Сарыарқа және Боровской шағынаудандарында салынып жатқан тұрғын үйлерде болып, көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуде «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламаларының тиімді тұстарын атап өтті.

Комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов тұрғын үй құрылысымен айналысатын «Регион строй» ЖШС-да болғанда көпбалалы отбасыларға салынатын үйлер және олар кімдерге берілетіні туралы айтып берді. Сондай-ақ елді мекендерді таза ауызсумен қамту мәселесіне де тоқталды.

«Алдағы жеті жыл ішінде осы мақсатқа мемлекеттен 140 миллиард теңге қаражат бөлінбек. Бағдарлама жүзеге асқан кезде барлық елді мекен таза сумен қамтамасыз етілетін болады. Нұр-Сұлтан төңірегіндегі елді мекендерде де бірқатар түйінді жайлардың бар екендігі жасырын емес. Мәселен, Қосшы, Қоянды, Талапкерлер ауылдары. Ол жерлердегі қиын түйін шешімін тапқан соң облыс орталығына іргелес қоныстанған елді мекендердің мәселелері де мұндай жанашырлықтан қалыс қалмайды»,- деді Мархабат Жайымбетов.

null

Соңғы жаңалықтар