Үкімет мүшелері Франциямен арадағы келісімдерге қол қойды

None
None
АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Ақордада бірқатар Қазақстан Үкіметінің мүшелері Француз Республикасымен арадағы үкіметаралық келісімдерге қол қойды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев пен Француз Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі Бернар Кушнер арасында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы дипломаттық паспорттардың иелерін қысқа мерзімді визалар алу қажеттілігінен өзара босату туралы келісімге», ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов пен  Француз Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі Бернар Кушнер арасында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге», ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков пен Француз Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі Бернар Кушнер арасында «ҚР Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісімге», ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров пен Француз Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі Бернар Кушнер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі келісімге», Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мен  Француз Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі Бернар Кушнер арасында «ҚР Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге» қол қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған келісімдер ҚР Президенті Н. Назарбаев пен  Франция Президенті Н. Сарказидің екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен өткен келіссөздерінің нәтижелі жалғасы болып табылады. Франция Президентінің Қазақстанға сапары аясында қол қойылған осы үкіметаралық келісімдер екі мемлекеттің түрлі салалардағы ынтымақтастықтарын тереңдетуге бағытталып отыр.

Соңғы жаңалықтар