Үкімет мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігіне талдау жүргізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігіне талдау жүргізеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің Президенті Жолдауында 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсуін кемінде 5 пайыз етіп тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрылымдық өзгерістерді іске асыру қажеттігі туралы атап өтті. Бұл үшін Үкімет экономиканы әртараптандыру жөніндегі жұмысты жалғастырады және мемлекеттік органдардың да, квазимемлекеттік сектордың да қызметіне функционалдық талдау жүргізуді жандандырады. Сондай-ақ, қазақстандық және шетелдік сарапшылардың зерттеулері мұқият талданатын болады», - деді ол бүгін Үкімет отырысында.

Бірінші вице-премьердің айтуынша, мемлекеттік қызметшілер санын біртіндеп қысқартуға бағытталған жұмыс жүргізіледі. Ал босатылған қаражат неғұрлым пайдалы қызметкерлерді материалдық ынталандыруға жұмсалады. 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің саны 25 пайызға қысқарады.

«Басым міндеттердің бірі - квазимемлекеттік сектордан қайтарымды арттыру. Ұлттық әл-ауқат қорының өткен 14 жылдағы халықтың әл-ауқатынның өсуіне нақты үлесі бағаланатын болады. Үкімет Есеп комитетімен бірге үш айлық мерзімде мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігіне талдау жүргізеді», -деді Әлихан Смайылов.

Оның атап өтуінше, Президент сондай-ақ баға белгілеу және тарифтер мәселелерімен жүйелі және нақты айналысуды тапсырған. Осыған орай табиғи монополистердің субъектілері ұсынатын тауарлар мен қызметтердің бағаларын реттеу жөнінде нақты шаралар әзірлеу қажет.




Соңғы жаңалықтар