Үкімет мамыр мерекесі кезіндегі демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулы қабылдады

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мамыр мерекесі кезіндегі демалыс күндерін ауыстыру туралы Үкімет қаулысына қол қойды.
Үкімет басшысының ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдай туғызу және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында демалыс күні сенбі 4 мамырдан жұма 10 мамырға ауыстырылды.
Қаулыға сәйкес қажетті өнімдер шығару, қызметтер көрсету, қаржылық қызметті қосқанда еңбек, материалдық және қаржылық ресурстармен қамтылған ұйымдарға, сондай-ақ құрылыс нысандарын іске қосуға байланысты, кәсіподақ ұйымдарымен келісім арқылы 2013 жылғы 10 мамырда жұмыс жүргізуге құқық беріледі.
Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес төленетін болады.
- Үкіметтің ішкі істер органы қызметкерлерін баспанамен қамтуға қатысты қаулысына өзгеріс енгізілді
- Нығматулин: Мәжілісмендер ЕАЭО аясында ауыл шаруашылығы саласындағы келісімді қарайды
- Әділет министрлігінің биылғы басым міндеттері айқындалды
- Ералы Тоғжанов Қордай ауданында вакцина шығаратын зауыттың құрылысымен танысты
-
Ғабидолла Әбдірахымов мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
-
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам