+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Үкімет коронавирустың таралуына қарсы бірқатар қосымша шара қабылдады

2020 жылғы 29 қаңтар 16:12
Бөлісіңіз:
Үкімет коронавирустың таралуына қарсы бірқатар қосымша шара қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Болашақ» бағдарламасымен Қытайда оқып жатқан студенттердің мәселесі шешілді Алматы әуежайы Қытайдан келген барлық жолаушыны карантинге жатқызатын болды Елжан Біртанов: Қытайдағы коронавирус жағдайына күнделікті мониторинг жүргізіп отырмыз

ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады:

  1. 1. 2020 жылғы 29 қаңтардан бастап ҚР мен ҚХР арасында жолаушылар автобусының тасымалы уақытша тоқтатылды;

  2. 2. 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасында жүретін жолаушылар пойыздарының бағдары уақытша тоқтатылады;

  3. 3. 2020 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылады;

  4. 4. ҚХР азаматтарына визалар беру тоқтатылды;

  5. 5. 2020 жылғы 4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогының іріктеу матчтарын ҚХР-дың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданбады, сондай-ақ 2020 жылғы 12-16 ақпан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізілмейтін болды.

Ведомствоаралық комиссия жағдайды тәуліктік режимде қадағалауда. Биылғы 29 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясымен сырқаттану оқиғасы тіркелмеген. Аталған мәселе ел басшылығының ерекше бақылауына алынған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT