Үкімет қазақстандық журналистердің кәсіби мерекесін бекітті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің Қаулысымен 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні болып бекітілді.

ҚазАқпарат «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Қаулының мәтінін ұсынады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы (2019 жылғы 25 маусым №431 Нұр-Сұлтан, Үкімет Үйі)

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ етеді:

1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., №53, 343-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде:

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Байланыс жəне ақпараттандыру қызметкерлері күні - 17 мамыр»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні - 28 маусым».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.МАМИН

Соңғы жаңалықтар