+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Үкімет қаулысымен ШҚО-дағы әуежай, колледж және бірқатар мектептің атауы өзгерді

2020 жылғы 29 сәуір 13:30
Бөлісіңіз:
Үкімет қаулысымен ШҚО-дағы әуежай, колледж және бірқатар мектептің атауы өзгерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Шығыс Қазақстан облысындағы әуежай, колледж және мектептерге ұлы адамдардың аты беріліп, бірқатарының атауы өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

«Шығыс Қазақстан облысының кейбір объектілеріне атау беру және қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі №241 қаулысымен бірқатар нысанға атау берілді.

Өскемен қаласындағы Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №38 гимназиясына Лев Гумилевтің есімі, № 39 орта мектепке Ыбырай Алтынсариннің есімі, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжіне Абайдың есімі берілді.

Семей халықаралық әуежайына Абайдың есімі, Семейде қаласындағы № 47 мектепке Ахмет Байтұрсынұлының, №37 гимназияға Ыбырай Алтынсариннің, №39 орта мектепке Әлихан Бөкейханның, № 34 мектепке Бауыржан Момышұлының, № 2 мектепке Қаныш Сәтбаевтың есімі берілді.

Шемонаиха ауданында № 5 мектепке Ахмет Байтұрсынұлының, № 4 мектепке Шәкәрімнің есімімен аталды.

Сонымен қатар, Семейдегі Пригород мектебі Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп болып, Бесқарағай ауданындағы Березовка орта мектебі Бозтал орта мектебі, Үлкен Владимировка орта мектебі Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектеп болып өзгертілді.

Шемонаиха ауданындағы «Қызыл Шемонаиха мектебі» Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп, «Михайловка орта мектебі» Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп болып өзгерді.

Сондай-ақ, «Прапорщиково мектебі» Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп, «Переваловка мектебі» Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп, «Бобровка мектебі» Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп, «Ушанов орта мектебі» Бауыржан Момышұлы атындағы, № 2 Ақсуат орта мектебі Қожагелді батыр атындағы мектеп болып қайта аталды.

Айта кетерлігі, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қол қойған қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT