Үкімет қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің іс-қимыл жоспарын бекітті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біз Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы қаулы қабылдаймыз. Оны іске асыру нәтижесінде жазатайым оқиғалардың жиілігі коэффициентінің азаюы, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмысшылар үлесінің азаюы күтіледі», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының атап өтуінше, қазірдің өзінде Қостанай және Павлодар облыстарында өндірістік жарақаттану деңгейінің азаюы бойынша оң динамика байқалып отыр.

«Басқа өңірлер осы бағыттағы жұмысты жандандыруы тиіс. Тау-кен металлургия кешендері мен құрылыс саласындағы кәсіпорындарда ерекше көңіл бөлу қажет», - деді Премьер-Министр Асқар Мамин .


Соңғы жаңалықтар