Үкімет кәсіпорындарды қолдау шараларын қабылдайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындарын дағдарысқа қарсы қолдау шараларын қабылдайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындарын дағдарысқа қарсы қолдау шараларын қабылдайды. Бұл шаралар ең алдымен қолданыстағы жұмыс орындарын сақтауға, кәспкерлер мен азаматтардың іскерлік белсенділіктерін ынталандыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталады», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, Жұмыспен қамту жол картасын іске асыруға қажет қаражат бөлінеді. Онда инфрақұрылымдық, әлеуметтік нысандарға, жолдарды жөндеуге және осы жұмыстарға өзіміздің азаматтарды тарту көзделген.

«Отандық өнімдерді одан ары көбейту және ұлттық экономиканың импортқа тәуелділігін азайту мақсатында қазақстандық өндірушілерді қосымша қолдау шаралары қолданылады. Ішкі нарықты молықтыру және өндірісті ынталандыру үшін ұлттық экономиканы кредиттеу көлемі айтарлықтай ұлғайтылады», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар