Үкімет кәсіпорындардағы еңбек дауларын шешу үшін қандай жұмыс жүргізіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов кәсіпорындарда жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтау жөнінде Үкімет жүргізіп жатқан жұмыстарды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Үкімет әлеуметтік әріптестік жүйесін одан әрі дамыту аясында төмендегі жұмыстарды жүргізуде:

- нақты кәсіпорындағы шиеленіскен еңбек дауларына жедел және тиімді ден қою үшін облыстық комиссиялардың көшпелі отырыстарын ұйымдастыру;

- облыстық комиссиялардың құрамына кәсіподақ ұйымдарымен қамтылмаған жұмыскерлердің өкілдерін қосу;

- облыстық комиссиялардың жұмысын ай сайын бағалау, республикалық үшжақты комиссияның отырысына бағалау нәтижелерін шығару;

- үшжақты комиссия отырыстарында қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс туралы Аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерін тыңдау.

«Әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар аясында өңірлік үшжақты комиссиялардың жұмысының жариялылығын қамтамасыз етіледі, жергілікті атқарушы органдардың ресми ресурстарында отырыстардың онлайн-трансляциясын енгізу жөніндегі сіздердің ұсыныстарыңыз ескерілетін болады», - деді Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында.


Соңғы жаңалықтар