Үкімет inDriver мен Яндекс такси қызметін реттейтін заң жобасын әзірлеп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада халық алдындағы есептік кездесуде Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек  inDriver мен Яндекс таксиге қатысты жүйелердің жұмыстары нормативтік-құқықтық актілермен қашаннан бастап реттелетін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Есептік кездесу барысында министрге «inDriver, Яндекс Такси және басқа да мобильдік жүктемелерге қойылатын талаптарды қатаңдату заңнама деңгейінде қарастырыла ма?» деген сауал болды.

«Расында бүгінде Қазақстанда Яндекс Такси, Аparu, іnDriver және өзге де мобильдік қосымшалар жұмыс істеп жатыр. Олар өте тиімді әрі пайдалы болып отыр. Аталған қызметтердің бағалары да басқа такси түрлеріне қарағанда қолайлы. Бірақ нормативтік-құқықтық актілермен олардың жұмыстары толығымен реттелмеген. Сондықтан қазіргі кезде заңдарға тиісті өзгерістерді енгізіп жатырмыз», - деді Жеңіс Қасымбек.

Осы орайда ол бұл бағыттағы құжат Үкіметтің қарауында екенін атап өтті.

«Ағымдағы айдың соңына дейін Үкіметтен Парламент Мәжілісіне енгізіледі деп жоспарлап отырмыз. Биылдың аяғына дейін бұл заң қабылданса, онда толығымен осы жүйелердің жұмыстары нормативтік-құқықтық актілермен реттелетін болады», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар