+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Үкімет халықты жұмыспен қамту саласына тың серпін беретін шараларды ойластыруы керек - сарапшы пікірі

2020 жылғы 10 шілде 18:31
Бөлісіңіз:
Үкімет халықты жұмыспен қамту саласына тың серпін беретін шараларды ойластыруы керек - сарапшы пікірі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет халықты жұмыспен қамту саласына тың серпін беретін шараларды ойластыруы керек. Мұндай пікірді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ стратегиялық әзірлемелер орталығының директоры Бақытгүл Қамбар білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан коммунистері жастарды жұмыспен қамту мәселесін қозғады Жұмыспен қамтудың жол картасы: 200 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты «Еңбек» бағдарламасы: Елордада 200-ден астам адам қайта оқытылды

«Қазіргі таңда бүкіл әлемді жайлаған пандемиядан туындаған дағдарыс әлемнің көптеген елдерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы кемшін тұстарды көрсетті. Бұл дағдарыстың елімізді де айналып өтпегені барлығымызға белгілі. Әлемнің көптеген елі стратегиялық жолдарын қайта қарастыру мәселесін де талқылап жатыр. Бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың да пікірі осыған келіп саяды. Әрине, жыл басынан бері және оған дейін де атқарылған, жақсы нәтиже берген шаралар көп. Бірақ, дәл қазір ел экономикасы үлкен сыни кезеңмен бетпе-бет келгенін көріп отырмыз», - деді Бақытгүл Қамбар.

Сарапшы оған дәлел ретінде осы жылдың басынан еліміздің экономикалық өсімінің 1,8 пайызға төмендеуін алға тартады.

«Мұнан бөлек, экономикалық тұрғыда белсенді халықтың жартысынан көбін жұмыспен қамтып отырған қызмет көрсету саласы өсімінің де жыл басынан бері 5,6 пайызға төмендеуі жұмыссыздықтың ары қарай арта түсу қаупі бар екенін көрсетеді. Ал бұл жайттың ел бюджетіне ықпал ететін кері салдары айтпаса да түсінікті жайт. Сондықтан Үкімет халықты жұмыспен қамту саласында жаңа серпін беретін шаралар ойластыру керек деп ойлаймын», - деді орталық басшысы.

Бақытгүл Қамбар бүгін Мемлекет басшысыҮкіметке бұл бағытта шұғыл шаралар қабылдау керектігін тапсырғанын және алдағы уақытта жаңа Жолдауы жариялайтындығын ескерткенін атап өтеді.

«Жаңа Жолдауда экономикамызға тың, жаңа серпін беретін нақты бастамалар болады деп ойлаймын. Бұл орайда алдағы уақытта қолға алынатын шараларға дер кезінде мониторинг жасап, әр кезеңінде нақты баға беру жүйесін жетілдірудің де маңызы зор болмақ», - деді сарапшы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT