Үкімет халықты еңбекпен қамту деңгейін жоғарылататын жаңа жүйе әзірлейді

None
None
АСТАНА. Қазанның 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  -Үкімет алдағы онжылдықта халықты еңбекпен қамту деңгейін жоғарылататын жаңа жүйе әзірлейді. Бүгін «Қазақстан - 2030» стратегиясы: Қазақстан үшін жаңа 10 жылдық мүмкіндіктері мен перспективасы» атты конференция барысында жаңа онжылдықтағы негізгі бағыттарға тоқталған ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сөз арасында Үкімет басшысы алдағы онжылдықта азаматтарға сапалы қызмет ұсыну мәселесінің маңызды болатынына тоқталып өтті. Премьер-Министрдің айтуынша, бұл бағыттың аясындағы негізгі мақсат - барлық қазақстандықтардың өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыру, әлеуметтік тұрақтылық пен әділдікті нығайту болып табылады. «Жұртшылықтың өнімді еңбекпен қамтылуы экономикалық гүлденудің ең үлкен кепілі әрі әлеуметтік көмектер мен жеңілдіктерсіз-ақ өмір сапасын арттыру жолы. Осыған байланысты, біз халықты еңбекпен қамту деңгейін жоғарылататын жаңа жүйе әзірлейтін боламыз. Мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін орындауы бұған дейінгі кезеңдердегідей басымды бағыт ретінде қалады. Жасы ұлғайғандарды зейнетақымен, мәжбүр жандарды жәрдемақымен қамтамасыз ету - ең басты міндеттеріміздің бірі», деді К. Мәсімов.

Үкімет басшысының айтуынша, халықтың өмір сүру сапасы базалық қызметтердің сапасы мен ауқымына тікелей байланысты болып табылады. «Осы ретте коммуналдық қызметтерді ұсыну мен тұрғын үй секторының қызмет етуіне жіті назар аударудың маңызы зор. Қазақстандағы тұрғын үй шаруашылығы саласы нарықтық негізде қызмет атқаратын болады. Бұнда мемлекеттің басты рөлі коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру мен оны тиімді қамтамасыз етуді  реттеуге бағытталды», деді К. Мәсімов. 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар