Үкімет экономиканы тұрақты дамыту үшін барлық күш-жігерін жұмсайды - Асқар Мамин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет экономиканы тұрақты дамыту үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаһандық экономикадағы жағдайдың біртіндеп жақсарып келе жатқанына қарамастан, белгісіздік деңгейі әлі де болса өте жоғары. Осындай жағдайда Үкімет ұлттық экономиканың орнықтылығын қамтамасыз ету және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бойынша барлық қажетті іс-шараларды іске асырып жатыр», - деді Премьер-Министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Үкімет басшысының атап өтуінше, бұл іс-шараларға ұлттық өндірісті жаһандық нарықтағы жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктерге бейімдеу, қосылған құн нарығына интеграциялау, сапалы жұмыс орындарын құру, халықтың табысын арттыру жатады.

«Үкімет алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу және ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін жұмсайды», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар