Үкімет Екібастұзды дамытудың кешенді жоспарын мақұлдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында Екібастұз қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Екібастұз қаласының бүкіл елдегі ірі индустриялық және энергетикалық орталық екенін атай келіп шаһарды дамытудың кешенді жоспары мақұлданатыныт айтты.

«Қаланың энергетика саласындағы даму әлеуеті жоғары. Кешенді жоспардағы 114 іс-шараны іске асыру облыстың дамуына жаңа серпін береді. Негізгі капиталға инвестициялар бес есеге ұлғаяды және 2025 жылы 737 млрд теңгені құрайтын болады.

Тұрғын үй инфрақұрылымы мен басқа да инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы дамытуға, экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған жобалар іске асырылады», - деген Үкімет басшысы кешенді жоспар аясында темір жол машина жасау өнімдері өндірісі мен металлургия өнеркәсібін қарқынды дамытуға баса назар аударылатынын атады.

«Бұл құжатты мақұлдаймыз. Ұлттық экономика министрлігі мен Павлодар облысының әкімдігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге жоспар іс-шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін». – деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар