+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

ҮКІМЕТ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУЫ КЕРЕК

2020 жылғы 27 мамыр 12:34
Бөлісіңіз:
ҮКІМЕТ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУЫ КЕРЕК

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет дәрі-дәрмек өндірісінің біртұтас жүйесін құруы қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия кезінде өңірлердің жылдам әрекет етіп, жедел шешім қабылдай алмайтындығы байқалды. Денсаулық сақтау саласына қатысты көптеген мәселе орталықтың тікелей араласуымен шешіліп отырды. Сондықтан төтенше жағдай кезіндегі басқару ісін нақты құрылымға сай бір орталықтан жүргізу керек болады», - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дәрі-дәрмекпен және медициналық өнімдермен қамтамасыз ету ісінің олқылықтары анықталғандығын баса айтты.

«Біз импортқа тым тәуелдіміз. Шетелден келетін дәрілердің нарықтағы үлесі 88 пайызға жуық. Формакологиялық зерттеулер жүргізу үшін тәжірибеміз жеткілікті. Ғылыми база да, білікті мамандар да бар. Сондықтан Үкімет дәрі-дәрмек өндірісінің біртұтас жүйесін құруы қажет. Мұнда зерттеу жүргізуден бастап, өнеркәсіптік деңгейге дейінгі үдерістер қамтылуға тиіс», - деді Мемлекет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059

MURAǴAT