Үкімет: Бюджеттің әлеуметтік бағыты күшейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов ҚР Үкіметінің 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылы бюджеттік саясат мемлекеттік қаржының тұрақтылығын нығайтуға және экономиканың одан әрі өсуіне негізделді. Сол себепті экономиканың нақты секторларын қолдау, жұмыс орындарын сақтау және әлеуметтік саланы дамыту бюджеттің атқарылуының басым бағыттары болды. Жыл қорытындысымен еліміздің экономикасының өсуі 4,1 пайызды құрады. Бюджеттің кірістері 8,8 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде салықтар - 5,7 трлн теңге. 2017 жылмен салыстырғанда салықтардың жалпы кірістер көлеміндегі үлесі 15 пайызға өсіп, 65 пайызға жетті. Жалпы Ішкі Өнімдегі мұнайға қатысты емес кірістердің үлесі 8 пайызды құрады (2017 жылы - 7,8%). Оған индустрияландыруға, агроөнеркәсіпті, орта және шағын бизнесті, тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымды және әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудың қорытындылары ықпал етті», - деді Смайылов.
null

Оның сөзіне қарағанда, кірістердің өсуіне салық-кеден саласындағы әкімшілендірудің жақсаруы да себеп болды. Осы жұмыстың нәтижесінде 490 млрд теңге мөлшерінде қосымша салықтар түсті.

«Шығыстар бойынша барынша жоғары атқарылуға қол жеткізілді, яғни 99,8 пайыз. Бюджет қаражатының игерілуі келесі көрсеткіштермен сипатталады. Бюджеттің әлеуметтік бағыты күшейді. Бұл салаға бүкіл шығыстардың жартысына жуығы, яғни 4,3 трлн теңге жіберілді. Әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға 2,6 трлн теңге бағытталды. 3 млн 530 мың адамға бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы төленді. 2018 жылы 10,1 млн салымшыға 9,4 трлн теңге міндетті зейнетақы жарнасы аударылды. Ана мен балаларды әлеуметтік қолдауға 2018 жылы 146 млрд теңге жұмсалды. Нәтижесінде, 849 мыңға жуық адам жәрдемақы алды», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Соңғы жаңалықтар