Үкімет БТА, Альянс және Темірбанк бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізуде - Қ. Келімбетов

None
None
АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Үкімет пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ отандық және шетелдік инвесторлармен БТА, Альянс және Темірбанк бойынша тиісті келіссөздер жүргізуде.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылау барысында ҚР вице-премьері Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«БТА банк, Альянс және Темірбанктердің тағдырына келсек, Мемлекет басшысы ағымдағы жылы инвестор іздеу мүмкіндігін қарастыруды тапсырған болатын. Осы арқылы мемлекет аталмыш банктердің капиталынан шыққысы келеді, яғни, біз бұл банктерді сатуды қарастырамыз», деді депутаттар сауалына жауап берген Қайрат Келімбетов. Оның айтуынша, қазіргі таңда Үкімет пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ отандық және шетелдік инвесторлармен тиісті келіссөздер жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар