+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

Үкімет басшысының орынбасары Қостанайда дүкен аралап, бағалармен танысты

2019 жылғы 24 қараша 12:41
Бөлісіңіз:
Үкімет басшысының орынбасары Қостанайда дүкен аралап, бағалармен танысты

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қостанай облысына жұмыс сапар барысында «Рахат» сауда орталығындағы «Rauzet» супермаркетіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Сапарбаев төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі штаб отырысын өткізді Бердібек Сапарбаев алғашқы жұмыс сапарын Қордай ауданынан бастады Қордай оқиғасы: неліктен техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Б.Сапарбаев негізгі азық-түлік тауарлары бағасының жөнсіз өсуіне жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтқандай, өңірлік тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 14 түрінен 8,7 мың тонна өнім жиналған. Бұл мақсатта 1,2 млрд теңге жұмсалды.

«Облыста нан бағасы тұрақты. Наубайханаларға бөлетін ұнды қолжетімді бағамен жинау үшін «Тобыл» кәсіпкерлік корпорациясы 300 миллион теңге бөлді. Бұл келер жылы қажетті өнім бағасының өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді. Негізі, тұрақтандыру қорынан нан пісіретін ұнды 94 теңгеден аламыз. Ал наубайханалар бір бөлке нанды 80 теңгеден, дүкендер 80-83 теңгеден сатады», - деді өңірлік Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жансұлтан Таукенов.

Б. Сапарбаев дүкен сөрелерін қарап шығып, отандық тауарлардың сапасымен танысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT