Үкімет басшысы жанар-жағармай нарығындағы мәселені бақылауға алуды тапсырды

None
None
АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов жанар-жағармай нарығындағы мәселені  бақылауда ұстауды тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Селекторлық кеңесте Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың айтуынша, өткен аптада қалада жоғары октанды бензин тиісті көлемде жеткізілмей қалған. «Осы орайда Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінен бұл мәселеге баса назар аударып, жоғары октанды бензинді жеткізуге көмек көрсетуді сұраймыз», -деді Алматы әкімі.

Өз кезегінде Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» компаниясына бұл мәселені бақылауға алуды тапсырған К. Мәсімов «бұл орынды қозғалған мәселе. Бұның барлығы сіздерге  Шымкенттен ауысып отыр», деді.

Соңғы жаңалықтар