Үкімет басшысы жаңа оқу жылында балалардың қауіпсіздігіне баса көңіл бөлуді тапсырды
2022 жылғы 16 тамыз 13:12

Үкімет басшысы жаңа оқу жылында балалардың қауіпсіздігіне баса көңіл бөлуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов жаңа оқу жылында балалардың қаупісіздігіне баса көңіл бөлуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрінің баяндамасынан көріп отырғанымыздай, қазіргі таңда білім беру объектілерінің бәрі бірдей қауіпсіздік талаптарына сай емес. Бұл мәселені ерекше бақылауға алып, балалардың қауіпсіздігі үшін тез арада тиісті шараларды қабылдау қажет», - деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар, ол оқушылар тасымалдауға 515 жаңа автобус сатып алынатынын еске салды.

«Биыл мектепке қажетті киім-кешек пен кеңсе тауарларын өздері сатып алу үшін аз қамтылған отбасылар кемінде 37 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат алады. Мұндай көмек 470 мыңнан астам балаға көрсетіледі», - дедіӘлихан Смайылов.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT