+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Үкімет басшысы жаңа «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысты тапсырма берді

2019 жылғы 22 қазан 10:35
Бөлісіңіз:
Үкімет басшысы жаңа «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысты тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 2020-2025 жылдарға арналған жаңа «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында көлік-логистиканы одан әрі дамыту бойынша жұмыс жалғасатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавл жолдарында бейнебақылау жүйесінің көмегімен 4 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелді Астана күні қарсаңында ақмолалық полицейлер қызметтік көліктерге ие болды Қызылордада Ресейге бет алған жүк көлігі өртеніп кетті

«Биыл 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды аяқтаймыз. Көріп отырғанымыздай, бірінші «Нұрлы жол» аясында тиімді көлік-логистикалық жүйе құрылды.

Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет Қазақстанның аймақтық көліктік-логистикалық хаб құру және Еуропа мен Азия арасындағы трансконтиненталды көпірге айналу тұрғысында қарқынды жұмысты ұйымдастыруда. 2020-2025 жылдарға арналған жаңа «Нұрлы жол» бағдарламасының кезеңі аясында еліміздің көлік-логистикасын құру және транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту бойынша жұмыс жалғасады», - деді А. Мамин Үкімет отырысында.

Осы орайда Үкімет басшысы жалпы бағдарламаның жаңа кезеңдік тәсілдерін, негізгі бағыттарын қолдайтынын атап өтті.

«Осыған байланысты Индустрия министрлігіне Президент Әкімшілігімен келіскеннен кейін, жаңа мемлекеттік бағдарламаның жобасын биылдың соңына дейін қабылдауды қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Асқар Мамин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «Нұрлы жол» бағдарламасының 2020-2025 жылдарға арналган жаңа жобасы туралы баяндады .

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT