Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 375.95 EUR 425.80
RUB 5.74 CNY 55.94
Jańalyqtar

Үкімет басшысы Юрий Ильинге сөгіс жариялауды ұсынды

2019 жылғы 12 ақпан 11:27 605
Бөлісіңіз:
Үкімет басшысы Юрий Ильинге сөгіс жариялауды ұсынды

  АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильинге сөгіс жариялау жөніндегі ұсынысты Президент әкімшілігіне енгізу қажет. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа осындай тапсырма жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өңірлерде өрт туралы хабарлайтын құрылғылар қалай орнатылып жатыр 13 жасар Бақытжан өртеніп жатқан үйден 2 баланы қалай құтқарғанын айтты

"Ішкі істер министріне ұйымдастыру және тәртіптік шараларын әзірлеп іске асыруды тапсырамын. Өрт қауіпсіздігі және оның алдын алу жұмысын тиісінше атқармағаны, бақылау  жүргізбегені үшін ІІМ орынбасары Юрий Ильинге сөгіс жариялау жөніндегі ұсынысты Президент әкімшілігіне енгізуіңізді тапсырамын. Өйткені, ІІМ орынбасары Президенттің өкімімен бекітілген", - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар ол өңірлердегі өрт қауіпсіздігі мен су тасқынынан қорғау жұмысында көңілді бөлуді талап ететін проблемалардың бар екенін баса айтты.

"Сол себепті Ішкі істер министрлігі мен барлық әкімдерге тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі мәселесін жылыту маусымының соңына дейін бақылауды тапсырамын. Тұрғын үй алабындағы өрттің алдын алу жұмысын жалғастыру  қажет. Әсіресе, көпбалалы және аз қамтылған отбасылармен мүгедектер мен қарттар тұратын үйлер жіті назарда  болуы тиіс", - деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар Премьер-Министр Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккерге  және Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаевқа  қатаң сөгіс жариялады. Ал Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Барат Дұзақбаевты қызметінен босатты. 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT