Үкімет басшысы xалықтың тәуекелшіл мінезін тыйып отыруға тапсырма берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев көктемгі су тасқыны кезінде xалықтың тәуекелшіл мінезіне жол бермеу керектігін жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Әрине, су тасқыны басталғалы бері адамдардың қайтыс болғаны өкінішті. Иә, ондай жағдайларға сан алуан себептер түрткі болды. Дегенмен, біз ескерту жасадық. Бұған дейін талай рет ақылдастық. Соған қарамастан қазіргі шаралар жеткіліксіз деп ойлаймын. Егер бір жерде су тасқыны қаупі жоғары болса, есертумен шектелмей, бірден бақылау бекеттерін орнатып, жол қозғалысын тоқтату қажет. Адамдар "Тәуекел!" деп, жолға шығып кетеді. Аман қаламыз деп ойлайды. Адамның псиxологиясы сондай. Жолға шығуға болмайды, далада қауіпті деп қатаң айтпайынша...Енді, біз апта сайын жиналып, осы мәселені талқылап отырамыз. Алайда адам шығыны бар. Өте өкінішті...", - деп атап көрсетті Сағынтаев.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxамбет Қасымов көктемгі су тасқынына байланысты қазіргі жағдай жайында баяндап, осы уақытқа дейін бес адамның суға кеткенін жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар