Үкімет басшысы университетте білім алу құнын төмендету мәселесін қадағалайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев оқу мен дәрі-дәрмек құнын төмендету мәселелерін жеке қадағалауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктеріне осы салаларда халықты алаңдатып отырған өзекті мәселелерді шешу бойынша менде жұмыс кеңесін дайындауды тапсырамын. Негізгі екпін - ол оқу құнын, сондай-ақ медициналық қызметтер, дәрі-дәрмектің бағасын төмендету. Мерзімі екі апта», - деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар Үкімет басшысы атқарылған жұмыстарды ақпараттық сүйемелдеу бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тиісті шараларды атқаруды жүктеді.

Айта кетейік, Үкімет басшысы монополияға қарсы қызметті күшейту заңнамасына түзетулер әзірленіп жатқандығын хабарлады.

Сонымен қатар ол жаңа тарифке қатысты әрбір азаматтың ұсынысы ескерілуі керектігін тапсырды.

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы бақылауға алынады.

 

Соңғы жаңалықтар